National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі - Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

Әкімшіліктің  миссиясы Президенттің қызметін  ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.

Әкімшіліктің негізгі міндеттері:

1) Президенттің мына салалардағы:

  • сыртқы саясаты;
  • әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
  • қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
  • құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
  • кадр саясаты;
  • Қазақстан Республикасы Парламентіне қатысты (бұдан әрі -Парламент);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі -Үкімет) және орталық атқарушы органдарға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне қатысты;
  • соттар мен судьяларға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
  • жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
  • өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының  (бұдан әрі - Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

3)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын  өзге де міндеттер болып табылады.

Жүктеу: «Әкімшілік туралы ереже»

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2023–2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «2023–2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2023–2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар) осы бұйрықтың 1 – 4-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Е.К.Арпабаев бюджеттік бағдарламалардың орындалуы үшін жауапты болып белгіленсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасы

Президенті Кеңсесінің бастығы                                                     Б.Сариев

 

 

Бұйрыққа №1 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №2 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №3 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №4 қосымшаны мына жерден қараңыз


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 28 наурыз

Мемлекет басшысы «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты

2023 жылғы 29 наурыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты

Жарлық

2023 жылғы 29 наурыз

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы