National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2015 жылғы 30 маусым

 

Израиль премьер-министрі барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айына, сондай-ақ президенттік сайлаудың қорытындылары мен елдің ДСҰ-ға кіруіне байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы құттықтауын жеткізді. Б.Нетаньяху бұл мәселе жөнінде Израиль Қазақстанды қолдағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Биньямин Нетаньяхуды Израиль премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының басымдығы бар бағыттарын талқылап, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын белгіледі.

Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы ахуал, атап айтқанда, Израиль-Палестина қарым-қатынасы сөз болды.

Израиль премьер-министрі Қазақстан Президентін Тель-Авивке сапармен келуге шақырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Израиль жағы бастамашылық етті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің