National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2014 жылғы 30 шілде

 

Әңгімелесу барысында екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастық және Еуразиялық экономикалық одақты дамыту мәселелерін, сондай-ақ қыркүйекте болатын жоғары деңгейдегі кездесуге дайындық барысын талқылады.

Мемлекеттер басшылары Украинадағы ахуал және қалыптасып отырған дағдарыстан шығу жолдары жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті бейбіт тұрғындардың, ең алдымен, әйелдер мен балалардың қаза болуына байланысты алаңдаушылық білдірді және қақтығысушы жақтар оқ атуды доғарып, Украинада бейбіт келіссөздерді бастау үшін барлық шараларды қабылдайды деп үміттенетінін айтты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің