National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Қазақстан Президенті жаңа Спорт сарайына барды

2016 жылғы 22 қыркүйек

Елбасы Спорт сарайында жеңіл атлетика манежін, мұз айдынын және оқу-жаттығу базасын аралап көрді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ көркем гимнастика өнері көрсетілімін, жеңіл атлетика мен хоккей жаттығуларын тамашалады.  

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы жұртшылығы өкілдерімен кездесті. 

Кездесуге кәсіпкерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері, ардагерлер, жастар белсенділері, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Мемлекет басшысы әңгіме барысында Солтүстік Қазақстанның республика бойынша барлық астық көлемінің үштен бірін өсіретін жетекші аграрлық-индустриялық өңір екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы облыстың үлесіне назар аударды. Қазақстан Президенті тәуелсіздік жылдары көп нәрсеге қол жеткізілгенін, бірақ әрбір қазақстандық отбасының тұрмысын түзеп, әл-ауқатын жақсарту үшін әлі де көп шаруа тындыру қажеттігін айтты. 

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің