National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті

2016 жылғы 12 ақпан

 

Кездесу барысында Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау  саласындағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюының 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға дайындық мәселелері қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев геосаяси ахуалдың күрделілігін ескере отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздік қағидаттарын халықаралық ауқымда әрі қарай ілгерілетудің маңыздылығын айтты.

О.Сүлейменов өз кезегінде жаһандық антиядролық қозғалысқа мемлекеттердің ғана емес, қоғамдық ұйымдардың күш-жігері мен азаматтық бастамаларды жұмылдыру қажеттігіне назар аударды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің