Жаңалықтар

7 шілде 2014
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзенің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Эдуард Амвросиевич Шеварднадзенің дүние салғаны туралы қаралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың күйзеле қабылдағаны айтылған.

Мемлекет басшысы Грузияның экс-президентінің туған-туыстарына шын көңілден қайғыра көңіл айтып, Э.Шеварднадзе өз Отанының игілігі үшін орасан көп іс атқарған грузин халқының аса көрнекті өкілі, көреген саясаткер болғанын атап өткен.

«Кәсіпқойлығы және ісіне адалдығы, тамаша адамгершілік қасиеттері оны білетіндердің баршасының шынайы құрметіне бөледі. Э.А.Шеварднадзенің жарқын бейнесі әрдайым біздің жүрегімізде сақталады», – делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар