National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің деканы Кишор Махбубани бастаған ғалымдар тобымен кездесті

2015 жылғы 15 маусым

 

Назарбаев Университетінің алғашқы түлектерінің оқуды аяқтауына арналған салтанатты шара аясында өткен кездесуге Білім және ғылым министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы қатысты.

Мемлекеттік хатшы елдер арасындағы екіжақты байланыстардың жоғары деңгейде екенін айта келіп, достық қатынастардың нығаюына Сингапур мемлекетінің негізін қалаушы Ли Куан Ю зор үлес қосқанын атап көрсетті. Бұл ретте түрлі деңгейде делегациялар алмасылып тұрады. Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мен Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі өзара стратегиялық серіктестер болып саналады.

Г.Әбдіқалықова қонақтарды  бір бағыты экономикалық бағдарламаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметтерді ұсынатын заманауи, кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыру ісін қамтитын, Мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалдық реформаның  жүзе асырылу барысынан хабардар етті. Мемлекеттік хатшы Сингапурдың бұл салада елеулі табысқа қол жеткізгенін атап өтті. Кадрлар даярлау, дарынды жастарды іріктеу, соның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында оқыту мен қолдау саласында барынша тиімді ынтымақтастыққа дайын екенімізді жеткізді.

Сингапурлық делегация Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі рейтингісі бойынша жоғары көрсеткішке ие болып отырған Сингапурдың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тәжірибесіне кеңінен тоқталды. Мемлекеттік хатшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қойылатын құндылықтарды кең ауқымда насихаттау саласындағы Сингапурдың тәжірибесіне Қазақстанның қызығушылық танытатынын айтты.

Кездесу соңында Г.Әбдіқалықова Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мен Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастары Қазақстанның адами әлеуетінің одан әрі сапалы дамуына септігін тигізетіндігіне сенім білдірді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің