National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

2016 жылғы 24 ақпан

 

25 ақпанда Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездеседі деп жоспарланып отыр. Кездесу барысында ЕурАзЭО-ның қазіргі қызметінің мәселелері, сондай-ақ Комиссия жұмысының алдағы кезеңдегі басымдығы бар бағыттары талқыланатын болады.

Сол күні Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен де кездеседі деп жоспарлануда. Кездесуде халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайындық барысы мен салынып жатқан павильондарды мазмұндық тұрғыдан жабдықтау мәселесін талқылау көзделген.

26 ақпанда Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен кездеседі. Мысыр Президентінің елімізге ресми сапары оның Азияға турнесі аясында Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығына серпін беруге бағытталған. 

Сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, сондай-ақ инфрақұрылым және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-қимыл сияқты бағыттар бойынша шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізу жоспарланған. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің